Психолог беттері

Емтиханға дайындалудың оңтайлы тәсілдері

Бұған дейін біз сіздерге аз уақытта емтиханға қалай дайындалу керектігін баяндаған болатынбыз. Ұсынылған әдістеріміз жақсы көрсеткіштер көрсетуге ықпал етеді деп сенеміз. Емтихан тапсыруда, сонымен қатар, психологиялық дайындық та көп рөл атқарады. Емтиханға басқа көзқараспен қарайтын болсақ, жауаптарды жаттаудың, емтихан тапсырудың тіпті де қиын емес екенін байқаймыз.

  1. Дұрыс мотивация таңда

Бірдеңені қиналып оқу, «тапсырам да ұмытамын» деген принциппен емтиханға дайындалу шынымен қиын. Ал егер қандай да бір ережені не үшін жаттап жатқандығыңды сараласаң, ақпарат өзі басқа қона бастайды. Мысалы, бұрыс етістіктерді апайдың айқайын естімес үшін емес, болашақта ҚБТУ-да оқу үшін жаттап жатқандығыңа өз-өзіңді сендір.

  1. Түсінуге тырыс

Сөйлем, не ережелерді үтір, нүктесіне дейін жаттап алып, бірақ оның нақты мағынасын түсінбеу – ең сәтсіз әдіс. Сондықтан бәрін жаттап алу керек деген мақсаттан арылып, түсініп жаттауға тырыс. Өйткені, бірдеңені түсінсең, оны мұғалімге баяндап беру де қиынға соқпайды.

  1. Ассоциация ойынын ойна

Мәніне жеткізбейтін бір ақпаратты жаттау мен түсіну қиынға соқса, бай қиялыңды іске қосып, ассоциация әдісін пайдалан. Мысалы, парабола котангенспен кездессін, ал көсемшелі тіркестер бастауышқа қырындасын. Осындай қызықты оқиғалар арқылы ережелер мен формулаларды тез жаттап, емтиханды үздік тапсыруға көмектеседі.

  1. Барлық қорды пайдалан

Тек ми арқылы есте сақтауға болады десең қателесесің. Көру (оқу және қайталау), қозғалыс (графиктер мен схемалар сызу), сөйлеу және есту (сұрақтарға дауыстап жауап беру) арқылы да біраз ақпаратты жаттауға мүмкіндік бар.

  1. Сызбалар жаса

Қандай да бір параграфты түсініп, жаттап алу үшін оның құрылымын есте сақтау жеткілікті. Ал оның құрылымын жаттау үшін оны алдымен анықтап алу керек. Қысқаша айтқанда, жауаптарыңның қысқаша тезистерін жазып отыр.

  1. Сағат бойынша оқы

Ғалымдар есте сақтаудың мына бір тәсілін дәлелдеп шыққан екен: егер қандай да бір ақпаратты жаттап алу керек болса, бір оқып шыққан соң материалды тағы үш-төрт рет қайталау керек, ал кейін тағы 15-20 минуттан соң және 8-9 сағаттан соң.

Сөз соңында…

Емтиханға дайындық кезінде сынақ кітапшам жаман бағаларға толатын болды деген секілді жағымсыз ойлардан аулақ бол. Керісінше, өз қиялыңда позитивті және жарқын бейнелерді елестет. Бәрі жақсы өтетіндігіне, жолың болып, барлық жауаптарды еске түсіре алатындығыңа, жауабыңды лайықты бағалайтынына және нәтижесінде өзіңе және бағаңа риза болатындығыңа сенімді бол. Тек қана позитивті ой ойлау эмоционалды күйзелісті тарқатып, жаман ойлардан аулақ болуға көмектеседі. Ал бұның саған еш пайдасы жоқ: біріншіден, бұл дайындыққа еш септігін тигізбейді және бәрібір жаман баға алатын болсам не үшін дайындаламын деп тура жолдан тайдыруы мүмкін. Ертеңгі болатын емтиханның сұрақтарын бүгін ғана көріп тұрсаң да тек оң ойларды ойлауға тырысу керек.

Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi 

Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.

Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн «Жалпы психология негiздерi» (1940) атты еңбегiнде »Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны», — деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең ткелей қабылдамаған соң, əн-күй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндеп эңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.

Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым кұбылыс болуында. Себебi, əрқандай нақты заттың өзi мен онық қабылданған кейпi бiр-бiнен ажыратылып тұратыны даусызАдам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмip тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлктi тұрмыс құруға, iс-əрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. /3/

Осы бiршама бiлктер əр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-əрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның eқі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделктi тұрмысты тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгiлерi нен (мақал-мəтел, ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдк Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастауларынақ осы  тəжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiпшығады.

Психология өте ежелгi де, өте жаста ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда. Психологияны дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе жатыр.

ХIХ ғ. соңы — ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психологияның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды.

Пəн атының өзiде грек тiлiнен аударғанда психология — жан туралы ғылым (психо — «жан», логос — «ғылым») дегендi аңғартады. Кең тараған түсініктергетерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күрес iнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөн iндегi зерттеулер мен түсiнктер психологияның пəндк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан »жан» туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түандайды.

Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн — материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдi.

Дəл осы мəселенiң шешiмi тәңiрегiнде бiр-бiрiне ткелей қарсы философия бағыттары — идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистк танымда психика — туынды, материяға тəуелдi құбылыс.

Идеалистк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiзбен елестерiмiздiң нəтижесi.

Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге ен iп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан жəне рух əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Ойдын пайда болуымен жан «о дүниемен» байланысты, көрiнбейтын әpi мəнiң жасайтын, тəны өзгеше бiр екiншi баламасы — рухтық зат деп танылды. Бар əлем бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды.

Адам психикасы — рухани өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан дүниесiн материалистк тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ой-пiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып тастады.

Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiндесапалықерекшелiгi

Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика — материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi.

Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тiршiлiк ие-сiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды болмыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық акт нақты болмыстың бiр бөлшегi əрi оның бейнесi болып табылады.

Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншi ден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн, байланыстарын бейнелеу, екiншiден осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет əрекетiн реттестiқ. Психиканы диалектика-материалистк тұрғыдан қарастыру əрқандай iшкi Жан күйлiк былыстардың өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн танытады.

Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни пəнiне? Бұл — ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде адамның тəжiрибе топтау қабiлетi — жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi түсiндiру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне эксперименталды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi құбылыстар арасындағы міндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден келiп шығады. Мысалы, ес өзiнiң қызметтiк заңдылықтарына бағынады. Естiң түрлерi болатыны белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм./5/

Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi — заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

Сонымен бipre ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi — психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлкте зерттейдi.

Қорытындыласақ,  жантану  ғылымы  психология — психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы.