Басшы блогы

Ахметшаихов Ануарбек Сабырович –

«Павлодар техникалық сервис колледжі» КМҚК  директоры.

1960 жылы 23 сәуірде Спартак ауылы,  Ақтоғай ауданы, Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын физика-математика факультетін бітірді.

Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірді. С.Торайғыров, «Жылу энергетикасы» (04.07.2017)

Еңбек жолын 1981 жылы  Муткенов орта мектебінде физика мұғалімі болып бастады. 1984 жылдан 1986 жылға дейін Спартак орта мектебінде физика мұғалімі болып жұмыс істеді. 1986 жылдың тамыз айынан 1989 жылдың тамыз айына дейін Коминтерн орта мектебінің директоры болып тағайындалды.

1989 жылдың қыркүйегінен 2002 жылдың мамырына дейін Краснокутск СПТУ-26 директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2002 жылдың мамыр айынан 2008 жылға дейін Тленшин орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қаңтар айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін Ақтоғай ауылының әкімі болып тағайындалды.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін Ақтоғай ауданының білім бөлімінің басшысы болды. 2013 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың наурызына дейін Муткенов орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.

2016 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін КМКҚ«Павлодар техникалық сервис  колледжі» басшысы болып жұмыс істейді.

Жұмыста табысқа жету және қоғамдық өмірге белсене қатысу, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру. «Павлодар облысының 75 жылдығы» дипломымен және медалімен марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен (05.10.2016) марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2017 жылғы 15 желтоқсан) марапатталған.

 

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі:

Сәрсенбі: сағат 16.00-18.00

Сенім телефоны: 8 (7182) 51-79-99