Материалдық – техникалық база

       «Павлодар техникалық сервис колледжі» КМҚК ғимаратының жобалық қуаттылығы – 280 орынды құрайды. Жалпы аумағы 6182, 2 ш.м. Колледжде №1 оқу корпусы, № 2 оқу корпусы, оқу шеберханасы орналасқан. 60 адамға арналған жатақхана бар. Колледжде жалпы білім беру сабақтарын өткізу үшін 11 жалпы білім беру кабинеті бар. 2 компьютерлік сынып, арнайы және жалпы кәсіптік пәндер бойынша 5 сынып, жол ережесі бойынша оқу сыныбы бар.
      Екінші біліктілікке лицензия алу үшін «газбенкесуші», «жүргізуші», «фрезерлеуші»  автокөліктерді орнату және қызмет көрсету зертханасымен, дәнекерлеу зертханасымен, жол қозғалысы ережелері бойынша мамандандырылған технологиялық сыныппен, фрезерлік цехпен жабдықталған. Өткен жылмен салыстырғанда 1 семинар, 2 зертхана қосылды.
      Өндірістік оқыту сабақтары токарлық шеберханада, слесарлық шеберханада, дәнекерлеу цехында, автомобильдер құрылысы және оларға техникалық қызмет көрсету кабинетінде өткізіледі.

Дене шынықтыру сабақтары спорт залында өтеді.
Кабинеттер мен шеберханалар қажетті, құрал- жабдықтар және көрнекі құралдарымен толықтырылған. Сонымен қатар интерактивті жабдық бар.
Жалпы колледждік іс-шаралар мәжіліс залында өткізіледі.
Колледжде медициналық пункт орналасқан.