Областық конференция

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттау бөлігінде «SUMMITSERVICE» ЖШС-мен бірлесіп 2019 жылғы 26 қарашада колледж базасында Павлодар облысы колледж студенттерінің арасында «Тең теңімен» принципі бойынша «жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қатысушылар үш бағытта қатысты: «Жастарды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеудің заманауи тәсілдері», «Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғаудың өзектілігі мен мәселелері», «Қазіргі жастардың ата-ана болуына дайындық үрдістері». Біздің колледжден СТП-12 тобының 1 курс студенттері Эгамов Марат және Қабзакиров Рахат қатысты (студенттердің ғылыми жетекшісі Тельгузинова Д. У.). Конференция қорытындысы бойынша Эгамов Марат бірінші орынға ие болды.

Post Author: ПКТС2

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған