«WorldSkills Pavlodar – 2019» аймақтық чемпионаты

  2019 жылғы 19 сәуірде «Павлодар техникалық сервис колледжі» КМҚК базасында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Pavlodar – 2019» аймақтық чемпионаты өтті. Байқауға Павлодар облысының сегіз техникалық колледжінен 8 студент қатысты. Байқау тапсырмалары ұлттық чемпионаттың стандарттары бойынша жасалды. «WorldSkillsPavlodar – 2019» аймақтық байқауының жеңімпаздары 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа қатысады.
      Сараптау комиссиясының құрамына ТжКБ оқу ұйымдарының әлеуметтік серіктестерінің өкілдері кірді: «Ак-Сервис» ЖШС, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Эва-Транс» ЖШС, «ДиМ-Т» ЖШС.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынға ие болған ТОРА-34 тобының студенті Питюков Кирилл.

   

Post Author: ПКТС2

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған