Әлеуметтік серіктестікті дамыту

«Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК мен «Қамқор Вагон» ЖШС  бірігіп «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындарының Ассоциациясының»  заңды тұлғаларының бірлестігі мүшелері арасында             «2019 жылдың үздік дәнекерлеушісі» кәсіби шеберлік сайысын өткізді.  Сайысқа 13 облыстан газэлектрдәнекерлеушілер қатысты. Сайыс комиссиясының  төрағасы «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындарының Ассоциациясының» мүшесі М.М. Мукашев және комиссия мүшелері Айтбеков Е.С., Экібастұз вагон депо «Богатырь транс» филиалының директоры, В.В.Мокану, «Astana Railway Service» бас менеджеры, «Павлодар техникалық сервис колледжі» арнайы пән оқытушысы Таниев А.К. пен өндірістік оқыту шебері Николаев А.В., сияқты мамандардың теориялық және практикалық тапсырмаларын тексеру  қорытындысы бойынша  жеңімпаздар анықталды:  1 орын – Юрченко Трофим Фёдорович, Кушмурун  вагонжөндеу депосы (Қостанай облысы), 2 орын  – Мищенко Василий Иванович «Қамқор Вагон» ЖШС (Павлодар облысы), 3 орын – Имантаев Азамат Амангельдиевич   ПК «Ибраев+К»  (Семей қаласы). Аталған сайыстың ең басты нәтижесі болып «Павлодар техникалық сервис колледжі» мен «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындарының ассоциациясы» арасында келешекте бірлесіп жұмыс жасау мақсатында Меморандумға қол қойылды. 

Post Author: ПКТС2

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған