Металл бойынша инсталляциялар облыстық конкурсы

11 маусымда Павлодар түсті металлургия колледжінің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында металл бойынша инсталляцияның облыстық техникалық байқауы өтті. СВ-31 тобының студенті Трунов Александр, ө/о шебері Николаев А. В., оқытушы Абылхасанов Б. К. байқауға «Жылқы» және «Ит» жұмысын ұсынып, 1 орынға ие болды.

«Таза сессия» акциясы

2019 жылы 10 маусымда колледждің мәжіліс залында студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында білім алушылар «Таза сессия» акциясының жазғы сессиясын өткізу кезінде колледжде өтетіні туралы хабардар болды. «Таза сессия» акциясына колледж әкімшілігі, қамқоршылық кеңесінің өкілі, 2 және 3 курс білім алушыларынан 190 адам қатысты.

Рәміздер күні

«Павлодар техникалық сервис колледжі» 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне қарсы Елінің туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» деген тақырыпта сынып сағаты өтті. І курс студенттерін облыстық кітапханаға барып «Мемлекеттік рәміздер әлеміне саяхат» көрмесін тамашалады.