«Адалдық сағаты»

«Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК-да 2019 жылғы 4 қарашада барлық 1 және 2 курс топтарында «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде сынып сағаттары өтті.          Сынып сағатының мақсаты: адалдық, шынайылық, қайырымдылылық, кіршіксіз, тура, әділдік, сенімділік сияқты ұғымдарды қалыптастыру, студенттердің өзін, өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұғынуға ұмтылысын дамыту, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, жауаптылығы мен парасаттылығын қалыптастыру.

Студенттер қатарына қабылдау

Студенттер қатарына қабылдау дәстүрі әрбір оқу орнында бар. Бір қызығы, бұл бұрыннан келе жатқан дәстур екен: орта ғасырларда белгілі Париж университетіне (оның орталығы Париждегі Сорбонна ғимараты болып табылады) түскен жастар адал оқуға ниет пен мінездің төзімділігін тексеретін белгілі бір сынақ жиынтығын өтуге міндетті. Егер болашақ студент барлық сынақтардан лайықты өткен болса, оны студенттердің жасырын одағына […]