«Директордың үздік орынбасары»

2019 жылы 30 қазанда NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде «Bilim-orkenieti» Ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген «Жылдың жүз үздік директордың орынбасары» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Біздің колледж басшысының орынбасары Зура Доланбековна Кенжебаева осы байқаудың жеңімпазы атанды. Оған арнайы төсбелгі мен 1 дәрежелі республикалық диплом табыс етілді.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019»

АҚ «Өрлеу» БАҰО» филиалы Павлодар облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жыл сайынғы республикалық  «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» бейне-дәрістер мен бейне-сабақтар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі 2019 жылғы 24 қазанда өтеді. Байқау жүлдегерлері болып колледждің өндірістік оқыту шеберлері Б. Е. Алшинбаева (3 орын), Ж. А. Касымова (2 орын), Е. Е. Сейпульдинов (3 орын) […]

Ең үздік кәсіпкермен кездесу

23 қазанда колледж базасында Павлодар облысынын  кәсіпкері Михеев Виталий Юрьевичтің және «Атамекен» ҰКП  маманы Кипшакпаев Дидар Бисенұлының қатысуымен  дәріс сабағы өтті. Кездесу барысында кәсіпкер өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Студенттер «Қалай жетістікке жетуге болады?» деген сұраққа жауап алды.

Сіздерді Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Ұстаз – елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық. Себебі, Қазақстанның болашағы ұстаздың қолында. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей ұстазға байланысты.     Сіздердің мейрімдерініз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің […]

Тілдер фестивалі

30 қыркүйек күні колледждің акт залында «Тіл-достықтың құралы» атты тілдер фестивалі мәдени – ағарту іс-шарасы өтті. Қазақстан халықтары арасындағы бірлік пен келісімді бейнелейтін фестиваль аясында концерт өтті. Қатысушылар мен көрермендер өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік алды.

«Біз тапқырлар мен білгірлер сайысын бастаймыз…»

Тілдер онкүндігі аясында 25 қыркүйек күні колледждің акт залында Тапқырлар мен білгірлер фестивалі өтті, оған 1 курс студенттері қатысты. Қатысушылар «Визит карточкасы», «Сергіту» не істеу керек, егер…», «Капитандар сайысы», «Үй тапсырмасы» «Біздің қаладағы шетелдіктер» байқауларында өздерінің шығармашылық әлеуеті мен тапқырлықтарын көрсетті. АСП-13 тобының командасы жеңімпаз атанды.

Көптілді олимпиада

«Отаным – тағдыр» кіші бағдарламасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, көптілді білім беруді енгізу және тілдер онкүндігі аясында 18 қыркүйекте колледжде 1, 2, 3 курс студенттері арасында көптілді олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша (1 орын) АЭ-16 тобының студенті Ахметжанов Тимур, 2 орын – Габидулин Руслан (гр.АСП-23 тобы), 3 орын – Казлютин Иван (гр.ТМ-14 […]

«Полиглот» зияткерлік ойыны

Көптілді білім беруді енгізу және жүзеге асыру аясында, тілдер онкүндігінің аясында 24 қыркүйек күні 2 және 3 курс студенттері арасында «Полиглот» зияткерлік ойыны өтті, ол бірнеше турдан тұрды: «Визит карточкасы», «Жұмбақтар», «Білімпаздар», «Бәйге», «Шифрланған сөздер». Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуін көрсетті. Барлық турлардың қорытындысы бойынша 1 орын – СВ-21 тобы, 2 орын – […]

Әлеуметтік серіктестікті дамыту

«Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК мен «Қамқор Вагон» ЖШС  бірігіп «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындарының Ассоциациясының»  заңды тұлғаларының бірлестігі мүшелері арасында             «2019 жылдың үздік дәнекерлеушісі» кәсіби шеберлік сайысын өткізді.  Сайысқа 13 облыстан газэлектрдәнекерлеушілер қатысты. Сайыс комиссиясының  төрағасы «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындарының Ассоциациясының» мүшесі М.М. Мукашев және комиссия мүшелері Айтбеков Е.С., Экібастұз вагон депо «Богатырь транс» […]