«Менің Қазақстаным» облыстық шығармашылық конкурсы

2019 жылы 06 желтоқсанда «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Тәуелсіздік күніне арналған облыстық «Менің Қазақстаным» шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Конкурс Павлодар облысы білім беру ұйымдарының талантты педагогтарын анықтауға бағытталған, олардың шығармашылығы Қазақстан Республикасының тарихи оқиғалары мен қазіргі даму кезеңін бейнелейді. Басты бағыттарға сәйкес, қатысушылардың жұмыстары кескіндеме, графика, мүсін […]

Областық конференция

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттау бөлігінде «SUMMITSERVICE» ЖШС-мен бірлесіп 2019 жылғы 26 қарашада колледж базасында Павлодар облысы колледж студенттерінің арасында «Тең теңімен» принципі бойынша «жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қатысушылар үш бағытта қатысты: «Жастарды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеудің заманауи тәсілдері», «Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғаудың өзектілігі мен мәселелері», […]

«Адалдық сағаты»

«Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК-да 2019 жылғы 4 қарашада барлық 1 және 2 курс топтарында «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде сынып сағаттары өтті.          Сынып сағатының мақсаты: адалдық, шынайылық, қайырымдылылық, кіршіксіз, тура, әділдік, сенімділік сияқты ұғымдарды қалыптастыру, студенттердің өзін, өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұғынуға ұмтылысын дамыту, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, жауаптылығы мен парасаттылығын қалыптастыру.

Студенттер қатарына қабылдау

Студенттер қатарына қабылдау дәстүрі әрбір оқу орнында бар. Бір қызығы, бұл бұрыннан келе жатқан дәстур екен: орта ғасырларда белгілі Париж университетіне (оның орталығы Париждегі Сорбонна ғимараты болып табылады) түскен жастар адал оқуға ниет пен мінездің төзімділігін тексеретін белгілі бір сынақ жиынтығын өтуге міндетті. Егер болашақ студент барлық сынақтардан лайықты өткен болса, оны студенттердің жасырын одағына […]

«Директордың үздік орынбасары»

2019 жылы 30 қазанда NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде «Bilim-orkenieti» Ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген «Жылдың жүз үздік директордың орынбасары» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Біздің колледж басшысының орынбасары Зура Доланбековна Кенжебаева осы байқаудың жеңімпазы атанды. Оған арнайы төсбелгі мен 1 дәрежелі республикалық диплом табыс етілді.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019»

АҚ «Өрлеу» БАҰО» филиалы Павлодар облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жыл сайынғы республикалық  «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» бейне-дәрістер мен бейне-сабақтар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі 2019 жылғы 24 қазанда өтеді. Байқау жүлдегерлері болып колледждің өндірістік оқыту шеберлері Б. Е. Алшинбаева (3 орын), Ж. А. Касымова (2 орын), Е. Е. Сейпульдинов (3 орын) […]

Ең үздік кәсіпкермен кездесу

23 қазанда колледж базасында Павлодар облысынын  кәсіпкері Михеев Виталий Юрьевичтің және «Атамекен» ҰКП  маманы Кипшакпаев Дидар Бисенұлының қатысуымен  дәріс сабағы өтті. Кездесу барысында кәсіпкер өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Студенттер «Қалай жетістікке жетуге болады?» деген сұраққа жауап алды.

Сіздерді Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Ұстаз – елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық. Себебі, Қазақстанның болашағы ұстаздың қолында. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей ұстазға байланысты.     Сіздердің мейрімдерініз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің […]

Тілдер фестивалі

30 қыркүйек күні колледждің акт залында «Тіл-достықтың құралы» атты тілдер фестивалі мәдени – ағарту іс-шарасы өтті. Қазақстан халықтары арасындағы бірлік пен келісімді бейнелейтін фестиваль аясында концерт өтті. Қатысушылар мен көрермендер өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік алды.