СТУДЕНТУ

            

 

Конференция мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен тілдердің Үштұғырлы Мәдени жобасын және «Туған жер», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «100 жаңа есім» арнайы жобаларын іске асыру. Конференция дарынды оқушылар мен студенттерді дамыту мен қолдауға, оларды ғылыми зерттеуге тартуға, оқушылар мен студенттердің ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесуге, оқушылар мен студенттердің кәсіби даярлауда тәжірибе алмасуға жағдай жасауға, кәсіби қарым-қатынас аумағын кеңейтуге, оқушылар мен студенттердің мәдени өсуі үшін қарым-қатынастың, дау-дамайдың, пікірталастың және эмоционалды құндылықтардың дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Конференция басталар алдында педагогикалдың колледждің түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, директор – Б.А.Ахметовты еске алу митингі өтті. Конференция қатысушылары, оқытушылар мен студенттер педагогикалық колледж алаңында тұрған Б.А.Ахметов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

 

Павлодар облысының білім беру Басқармасының оқыту-әдістемелік бөлім меңгерушісі Калиева Айнаш Жұмаділқызы пленарлық отырыстың модераторы болып, сөз сөйледі. Конференция жұмысына С.Торайғыров атындағы ПМУ «Шет тілдер филологиясы мен аударма ісі» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Г.Х.Демесинова, С.Торайғыров атындағы ПМУ «Шет тілдер» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., профессор М.С.Кулахметова, ПМПУ «Педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к., «ЖОМ үздік оқытушысы – 2017» атағының иегері, «100 жаңа есім» Республикалық жобасының жеңімпазы Ж.Б.Байсейітова, ПМПУ «Шет тілдер» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Р.Ж.Сауырбаев, кафедраның аға оқытушысы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Павлодар облысының педагогикалық жұмыскерлерінің біліетілігін жетілдіру институтының әдістемелік қаматамасыз ету бөлім меңгерушісі Е.Ю.Погожева,  Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері Г.К.Айгазинова,  техникалық және кәсіби білім берудегі ағылшын тілінің оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің  төрайымы Б.Т.Мұқанова, Астана, Өскемен, Семей, Новосібір облысының Карасук қалаларының оқытушылары мен студенттері, Павлодар облысының жалпы білім беру мен колледж оқушылары қатысты.